The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Мемлекет басшысы SANA Sport орталығына барды

 Президент елордадағы әлеуметтік нысандарды аралап көру барысында отбасылық SANA Sport орталығында болды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Мұнда спорт, шығармашылық, білім бағыттары бойынша 29 үйірме жұмыс істейді. Сондай-ақ 29 жаттықтырушы және 25 жоғары білікті педагог еңбек етеді.

Мемлекет басшысына «Damu Development Group» консорциумы жүзеге асырып жатқан әлеуметтік жобалар жөнінде мәлімет беріліп, SANA Sport кешені аумағындағы саябақты қайта жаңғырту жоспары таныстырылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев орталықтағы спорт залдарын, шығармашылық үйірме бөлмелері мен оқу кабинеттерін аралап көрді.

Сонымен қатар үйірмеге шеберлік дәрісін өткізуге келген шахматтан екі дүркін әлем чемпионы Айару Алтынбекке сыйлық табыстап, сәттілік тіледі. Жас шахматшы бұған дейін Президентке хат жазып, кездесу жайында өтінішін жеткізген еді.

Бүгін жүздесудің сәті түсті. Кешенде 4 мыңнан астам баланың қосымша білім алуына жағдай жасалған. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан жеткіншектердің үйірмелерге қатысуына «Мереке» қайырымдылық қоры қолдау көрсетеді.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкенттік Түркістан облысы тұрғынының көлігін заңсыз айдап кетті

admin

Алғашқы екі күнде шымкенттік спортшылар ел қоржынына 2 алтын жүлде салды

admin

Участники марафона «ҰЛЫ ДАЛА ЖОРЫҒЫ» направились из Созак в Туркестан

admin