The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалықДенсаулық

Онкологиялық ауруды емдеуге бөлінетін қаражат қысқарады

 Денсаулық сақтау министрлігі бұйрық шығарып, онкологиялық ауруды емдеуге бөлінетін қаражатты 20% азайтатын болды. Шешім 11 маусымда күшіне енеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алайда мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов министрлік ешқандай талқылаусыз бұйрық шығарғанын айтып, наразылығын білдірді.

Бұл қанша адамюның өмірі мен тағдыры. Шенеуніктердің үстірт ақпараттарынан басқа қандай ғылыми негіз бар? Неліктен мұндай маңызды шешімдер жан-жақты зерттелмей, бір мезетте қабылданады? Қатерлі ісіктен ешкім сақтандырылмаған. Өткен жылы кешенді жоспар бекітілді, мақсатты препараттардың тізімі кеңейтілді, құрал-жабдықтар сатып ала бастады. Енді министрлік мынадай шешім қабылдапты. Бұл қате шешім. Қорқынышты аурумен бетпе-бет келгендер бұл эмоцияны жақсы түсінеді, — деді депутат.

Айта кетейік дүйсенбі күні Мәжілісте комитеттің кеңейтілген отырысы өтеді.

Министрліктен жан-жақты жауап алуға тырысамыз деді Аймғамбетов.

Ұқсас жаңалықтар

Дзюдодан ұлттық құраманың бас бапкері қызметінен кетті

admin

Иновация : Шымкентте жол ақысын «Мой Beeline» ұялы қосымшасы арқылы төлеуге болады

admin

Шымкент: Таскендегі тоғыз көшеге асфальт төселуде

admin