The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Тасқын су. Құлсары қаласында бүлінген жолдар қалпына келтірілуде

 Бұл туралы Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жылыой ауданы тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Бекет Бозжігітовтің айтуынша, қазіргі уақытта аудан орталығындағы Автожолшылар-2 ықшам ауданындағы көшелерден бастап қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

Бүгінде орталық ауруханаға кірме жол, тасқын судан бүлінген Қожанов көшесін қалпына келтіру жұмыстары басталды. Мердігер мекеме — «Казком сервис» ЖШС. Қала бойынша су шайған жолдарды қалпына келтіру жұмыстарын күз мезгіліне дейін толық аяқтау жоспарда,- деді спикер.

Ұқсас жаңалықтар

«Ақсудан ұшқан аққуым» атты аудандық ән байқауы өтті.

admin

Астанада Конституциялық комиссияның ІХ отырысы өтіп жатыр

admin

Түркістан облысының 700-ден астам мектеп директоры министрлік мониторингінің қорытындысы негізінде басқару құзыреттіліктерін арттырады

admin