The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Қарағандыда домбырашыларды флешмобқа қосылуға шақырады

 Қазақстанда шілденің бірінші жексенбісінде Ұлттық домбыра күні тойланады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қарағандыдағы орталық саябақтың жағалауында 7 шілдеде сағат 12:00-де 500 домбырашы бір мезгілде Түркештің «Көңілашар», Құрманғазының «Сарыарқа» және «Балбырауын» күйлерін шертеді.

Флешмобты Тәттімбет Қазанғапұлының «Сарыжайлау» шығармасымен Тәттімбет атындағы Қазақ халық аспаптарының академиялық оркестрі ашады. Оған домбыра шерте алатындардың бәрі қосыла алады. Флешмоб Қарағанды қаласы әкімдігінің қолдауымен өткізіледі. Толық ақпаратты мына нөмір бойынша алуға болады: +7-705-608-78-88, — делінген хабарламада.

Ұқсас жаңалықтар

Көшпенділер ойындары: Түркістан облысының бір ауданының 5 жігіті аударыспақтан чемпион атанды

admin

Алматыда цифрлық буын белсенділік танытып, жаңа бастаманы қолдады

admin

Путин мен Трамптың кездесуі өтеді

admin