The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Нұрлан Қоянбаев жаңа қызметке тағайындалды

 Актер әрі шоумен Нұрлан Қоянбаев Түркістан облысы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ол креативті индустрияны дамыту мәселелерімен айналысатын болады.

Өңір әкімі Дархан Сатыбалды тиісті жарлыққа қол қойды.

Продюсер, тележүргізуші, әрі актер Нұрлан Нұғманұлы Қоянбаев 1979 19 шілдеде Қызылорда облысы Шиелі ауданында дүниеге келген. 

«Қазақтар» КВН командасының және «Astana.kz» капитаны, «Respublica» саяси партиясы тең төрағаларының бірі. 

Qazaqstan телеарнасындағы «Түнгі студияда Нұрлан Қоянбаев» телешоуының жүргізушісі болды.

«Қазақша бизнес Америкада», «Таиландтағы демалыс», «Қазақша бизнес Африкада», «Қазақша бизнес Кореяда» фильмдерінің және «Үзілмес Үміт» телесериалының бас продюсері және жетекші актері, «Kazteleproduct» кинокомпаниясының негізін қалаушы.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: Сайрамда халыққа қызмет көрсету орталығының қатары артты

admin

«ҰЛЫ ДАЛА ЖОРЫҒЫ» марафон бәйгесіне қатысушылар Созақ төрінен Түркістанға бағыт алды

admin

Түркістан облысының транзиттік әлеуеті артып келеді

admin