Фоторепортаж: Алматыда мыңнан астам мопед айыппұл тұрағына қойылған

0

 Мегаполисте 4 мың 800 мопед жүргізушісі және 5 мың 200 самокат жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Айыппұл тұрағы Алатау ауданында орналасқан. Байқағанымыздай бұл айыптұрақта самокаттар мен мопед, жеңіл көліктер, жүк көлігі, автобустар қойылған. 

Самсаған көліктерден қалада жол-көлік апатының, құқық бұзушылық әркеттері жиі орын алатынын байқауға болады.

Полиция полковнигі Серік Шумаевтың айтуынша, жыл басынан бері самокаттар мен мопедтердің қатысуымен 463 жол-көлік оқиғасы болып, 500 адам жарақат алды, 7 адам қаза тапты.

— Мәселен, өткен демалыс күндері қала жолдарында 2 мыңға жуық құқықбұзушылық анықталды, оның басым бөлігін электросамокаттар мен мопедтерді пайдаланушылар жасаған. Жалпы, самокаттар мен мопедтерді пайдалану бойынша құқық бұзушылықтарды анықтауға қатысты жергілікті іс-шара басталғаннан бері 4 мың 800 мопед жүргізушісі және 5 мың 200 самокат жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Кәмелетке толмағандардың екі доңғалақты көлікті пайдалануына ерекше назар аударылады. 100-ге жуық ата-ана балаларына самокат пен мопед жүргізуге рұқсат бергені үшін жауапкершілікке тартылды, бұл жалпы заң мен қауіпсіздік стандарттарына қайшы келеді, — деді, Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Серік Шумаев.


ПІКІР ЖАЗУ