The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Түркістан облысында кептірілген жемістер шығаратын кәсіпорын ашылады

Түркістан облысында кептірілнен жемістерді жаңа технологиямен шығаратын кәсіпорын ашылады. Жаңа жобаға ауғанстандық инвесторлар есебінен 1 миллион АҚШ доллар көлемінде инвестиция салынады.

Бүгін «Turkistan Invest» ЖШС басқарма төрағасы Берік Кенжебаев шетелдік инвесторлармен кездесіп, келіссөз жүргізді. Нәтижесінде «Түркістан» ӘКК» АҚ және «TURKISTAN INVEST» ИТЭДАА» ЖШС-мен «Талифа» ЖШС арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Кәсіпкерлер дайын өндіріс алаңын және экобазар аумағындағы сақтау қоймаларын аралап көрді. Инвестициялық жобаның басты мақсаты – сұранысы жоғары кептірілген дайын өнімдерді облыс аумағынан шығарып, жергілікті тұрғындарды жеміс-жидектермен қамтамасыз ету. Кептірілген жемістерді  «Made in Kazakhstan» маркасымен шетелдерге экспортқа шығару.

Кептірілген жемістердің кең ассортиментін дайындау мақсатында жергілікті кооперативтер мен жеке шаруашылықтарға инновациялық технологияны енгізу мен тарату жоспарлануда. Сондай-ақ ауқымды жоба халықты қосымша жұмыспен қамтамасыз етуге де ықпал етеді. Жоба толық жүзеге асқан жағдайда жергілікті 70 адам жұмыспен қамтылады.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Шымкенттегі жаңа әуежай терминал құрылысының бірінші кезеңі толық аяқталды

admin

Арыс: балаға – жұмыс, анаға – баспана: қала әкімі шұғыл шешім қабылдады

admin

Ауылдың блогер келіні айына 1 млн теңге табыс тауып отыр

admin