The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Төлеби аудандық Мансап орталығында «жастарға жұмыс» жобасы шеңберінде жәрмеңке өтті

Бүгін жастарды жұмыспен қамту мақсатта «AMANAT» партиясы Төлеби аудандық филиалы және аудандық Мансап орталығы бірлесіп аудан жастарына еңбек жәрмеңкесін ұйымдастырды.

Жәрмекңкеде  «AMANAT» партиясының өкілі «Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында 2023 жылы «Аманат»  партиясы еңбек және халықты қорғау  министрлігімен бірге жастарды нәтижелі жұмыспен қамтығу бағытталған «Жастарға жұмыс»  жобасын іске асыру бойынша бірлескен іс-қимыл жоспарын бекіткенін, аталған жоба шеңберінде еліміздің барлық жастарына арналған бос жұмыс орындарының жәрмеңкесін ұйымдастыру, жылдың мөлшерлемесі 2,5 пайызды құрайтын жеңілдікпен несие беру, тау-кен өнеркәсібінде жаңадан 2 мың жұмыс орнын ашу, жастарды ірі кәсіпорындарда тағылымдамадан өткізу сынды жұмыстар атқарылуда екенін айтып өтті.

Бүгінгі жәрмеңкегеде «Жастар практикасына», «Алғашқы жұмыс» бағдарламасымен жастарға жолдама берілді.

Жұмысқа жолдама алған жастар ерекше көңіл-күйге бөленіп, жәрмеңкені ұйымдастырушыларға ризашылықтарын жеткізді.

«Жастарға жұмыс»  жобасы аясындағы еңбек жәрмеңкелері алдағы уақытта да жалғасын табады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанда Қаңтар оқиғасына байланысты 700-ден астам адам сотталды

admin

«Нәтиже» мемлекеттік қызметтерді алу және өтініш беру орталығы пилоттық жобасының жұмысы қарқынды

admin

Жамбыл: жылыту маусымына толығымен дайын болуымыз керек

admin