The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Алматыдағы ипподром мемлекет меншігіне өтетін болды

Алматыда ат спортынан жарыстар өтетін “Тұлпар” ат спорт кешені қаланың коммуналдық меншігіне берілді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Қала әкімдігінің мәліметінше, ипподром маңында орналасқан бұл нысан соңғы жылдары жеке меншікте болған. Алайда Жетісу ауданының прокуратурасы 2019 жылғы 5 наурыздағы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті мен “Nomad’s Land” ЖШС арасындағы сатып алу-сату шартын жарамсыз деп тану туралы сотқа талап-арыз түсірген.

Сот мәмілені жарамсыз деп таныды, нәтижесінде “Тұлпар” кешені мемлекеттік меншікке қайтарылды, – деп хабарлады Алматы қалалық спорт басқармасы.

2025 жылғы 19 тамызда Алматы қаласы әкімдігінің № 3/583 қаулысымен кешен қаланың коммуналдық меншігіне қабылданып, спорт басқармасына қарасты Ұлттық және ат спорты түрлері қалалық клубының оперативтік басқаруына берілді. 26 тамызда тиісті мемлекеттік органдар арасында қабылдау-тапсыру актісі рәсімделді.

Қазіргі таңда кешенді заңды тұлға ретінде тіркеу мәселесі қарастырылуда, себебі бұрынғы иесі нысан бойынша кепіл құжаттарын банкке өткізген. Объектіні қаланың меншігіне толық қайтару рәсімдері аяқталғаннан кейін оның болашақтағы пайдалану және дамыту бағыттары айқындалады. Бюджет мүмкіндігіне қарай жөндеу және жаңғырту жұмыстары жүргізілуі мүмкін, – деді басқармада.

Сондай-ақ ведомство кешеннің тиімді жұмыс істеуі үшін болашақта оны сенімгерлік басқаруға беру ықтималдығын да қарастырып жатқанын атап өтті.

Ұқсас жаңалықтар

А гепатиті өршуі мүмкін: Санитарлық дәрігер мәлімдеме жасады

admin

«ОРДАБАСЫ» ұлттық тарихи-мәдени қорығының көшпелі көрмесі өтіп жатыр

admin

Шымкент: 5 адамның өмірін қиған жол-көлік оқиғасына қатысты сотталушының заңгері пікір білдірді

admin