The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Алматы әуежайына дейінгі «БАКАД» құрылысы қашан басталады және жол ақысы қанша болады

Қалалық жол инфрақұрылымын дамыту басқармасы мегаполистің халықаралық әуежайы мен Үлкен Алматы айналма автомобиль жолын жалғайтын трасса құрылысына қатысты жаңа мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Басқарма мәліметінше, жолдың шамамен ұзындығы 7,2 шақырымды құрайды, ал нақты ұзындығы трассаның түпкілікті бекітілуінен кейін белгілі болады.

Жоба Ахметов пен Закарпатская көшелерін қайта құруды және «БАКАД-қа» дейін жаңа жол салуды қамтиды. Жобаның нақты құны жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу нәтижелері бойынша анықталады. Құрылыс бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Бұл жолмен жүру тегін болады. Мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынғаннан кейін құрылыс-монтаж жұмыстары 2026 жылы басталады, – деді басқармада.

Айта кетейік, 2025 жылғы 3 қарашада Алматы халықаралық әуежайының аумағын жақын аймақта қала магистралімен, «БАКАД-пен», жүк кешенімен және әуежайдың басты кіреберіспен жалғайтын айналма жол салынатыны белгілі болған еді.

Ұқсас жаңалықтар

Тоқаев Үкіметке және облыс әкімдеріне бірқатар тапсырма берді

admin

Түркістан қаласында «мектепке жол» акциясымен 1300-ден астам бала оқу құралдарымен қамтылды

admin

Қызылорда облысының шаруалары мал азығына берілетін субсидияны әкімдіктен талап етті

admin