The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Түркістан: қайтыс болған 18 жасар жігіттің ағзасы Шымкент, Алматы, Астана қаласындағы 4 науқасқа беріледі

Түркістан облысында алғаш рет мәйіттік донорға ота  жасалды. Облыстық  клиникалық ауруханасының дәрігерлері  жол апатынан кейін медициналық мекемеге ауыр халде жеткізіліп, қайтыс болған 18 жастағы жігіттің ағзасын төрт науқасқа хирургиялық жолмен бөліп берді.

Дәрігерлердің сөзінше, ағзаны алуға арнайы жасақталған екі бригада  Алматы мен Астана қаласынан ұшып келген. Мәйіттен алынған  бауыр, екі бүйрек пен жүрек және өкпе тізім бойынша трансплантация отасы қажет науқастарға хиругиялық жолмен салынады.

Айта кетейік, мәйіттік донордың ағзасын алуға туыстары заңды түрде рұқсат берген.  Республикалық транспланттау орталығының Түркістан облысы  бойынша өңірлік үйлестірушісі Әмірхан Сандыбаевтың айтуынша,  бұл – өңірдегі тарихи оқиға.

«Түркістан облысы бойынша мәйіттен ағза алу отасы тарихта алғаш рет өтуде. Бір бүйрек облыстық клиникалық аруханада қалады. Жүрегі Шымкенттегі жүрек орталығына жолданады. Бауыры Алматыға, бүйрек пен өкпесі Астана қаласына жіберіледі»,  дейді ол.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Әлия Мейірова — 16 жылдық тәжірибесі бар білікті маман

admin

ТҮРКІСТАН: «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы шеңберінде 2000 орындық жаңа білім ошағының құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде

admin

Шымкент: қала әкімі инфрақұрылым жүйесіндегі мәселелердің шешімін қарастырды

admin