The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалықДенсаулық

Шымкентте медбикелер GPS құрылғысымен бақыланатын болды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат –Шымкентте медбикелер бұдан былай өзімен бірге GPS құрылғысын алып жүреді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әзірге GPS навигациясымен қаладағы №6 емхананың медбикелері жұмыс істеуде. Жаңа құрылғымен 38 маман қамтылған. Бұл аппарат арқылы монитордан емхананың аумағында тіркеуде тұрғандардың нақты мекенжайларын, пациент туралы ақпараттарды көріп отыруға болады.

Дәрігерлердің сөзінше, бұл цифрлы жүйе халықтан келіп түсетін өтініш-шағымдардың санын азайтып, медициналық көмекті өз деңгейінде көрсетуге, тіпті, әлеуметтік мәселелердің алдын алуға оң ықпалын тигізбек.

«Пациенттер арасында шұғыл медициналық көмек қажет етілген жағдайда медбике GPS навигациясының батырмасын басса, бас дәрігердің орынбасары, бөлім меңгерушісі және бас медбикенің телефонына шақырту келіп түседі. Соның негізінде дер кезінде қажетті медициналық көмек ұсынылады», – дейді Шымкент қалалық №6 емхананың бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары Ұлбала Тілеубергенова.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысын дамытуға үкіметтік емес ұйымдар белсене атсалысады

admin

ШЫМКЕНТТЕГІ 9 ШАҒЫНАУДАН БИЫЛ КАНАЛИЗАЦИЯЛЫҚ КОЛЛЕКТОРҒА ҚОСЫЛАДЫ

admin

Шымкентте мемлекеттік мектептердегі педагогтардың жалпы саны 18 770 құрайды

admin