The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратҚоғам

Шабандоздар Астанадан Түркістанға жол тартты

АСТАНА. ҚазАқпарат – «Ұлы дала жорығы» республикалық марафон бәйгесі бүгін елордадан басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биыл екінші рет ұйымдастырылған бәйгеге ел өңірлерінен 19 команда қатысып жатыр. Ат жарысы елорда іргесіндегі Қаражар ауылынан басталды. Шабандоздар 1 300 шақырым қашықтықта жарысады, 19 қыркүйекте Түркістанда мәреге жетеді.

«Жорық 14 кезеңнен тұрады. Бірінші кезең — 50 шақырым. Одан кейін 12 кезеңде 100 шақырымды жүріп өтеді. Соңғы 14-кезеңде 50 шақырым жолды бағындырып, Түркістанда мәреге жетеді. Атырау облысынан басқа барлық өңірден командалар қатысып жатыр, барлығы марафонға сақадай сай. Кеше аттар ветеринариялық тексеруден өтті», — деді аталған шараны ұйымдастырушы Ғани Дүйшенов.

«Ұлы дала жорығы» марафонының жалпы жүлде қоры — 65 млн теңге. Жеңімпаз командаға 30 млн теңге, 2-орынға 20 млн теңге, ал 3-орынға 15 млн теңге табысталады.

Жорық барысын 2 халықаралық және 2 қазақстандық судья бағалайды, ал жол бойы аттардың жағдайын 2 халықаралық және 3 қазақстандық мал дәрігері қадағалайды.

Ұқсас жаңалықтар

Астана мен Алматыда пәтер құны жылдам көтеріле бастады

admin

Шымкенттегі жаңбыр жауғызатын аппарат Алматы мен Жетісу облысына әсер ете алмайды

admin

Врач из Шымкента добилась лучшего в стране результата по выявлению рака молочной железы

admin