The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

Түркістанда газ баллоны жарылып, жасөспірім ауруханаға түсті

Түркістан облысында газ баллоны жарылып, жасөспірім ауруханаға түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Облыстық ТЖД-ның мәліметінше, Ордабасы ауданының Шұбарсу ауылында тұрмыстық газ баллонын пайдалану кезінде редуктордың дұрыс жұмыс істемеуінен газ-ауа қоспасы жарылып, 12 шаршы метр алаңда үйдің төбесі мен жиһаз өртенген. Соның салдарынан 2009 жылы туған қыз күйік алып, ауруханаға түсті.

Екінші оқиға Тараз қаласында болған. Газ плитасының дұрыс жұмыс істемеуіне байланысты бұл жерде де газ-ауа қоспасы жарылған. 1979 жылы туған әйел күйік алып, ауруханаға жеткізілді. Екі оқиға да газ жабдығын пайдалану ережелерін бұзу салдарынан болған.

ТЖД өкілдері халықты қауіпсіздік мәселесіне жауапкершілікпен қарауға шақырады. Газ жабдығын уақтылы тексеріп, жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет. Балаларға тұрмыстық газ құралдарын дұрыс пайдалануды үйрету маңызды. Газ баллондарын тек мамандандырылған ұйымдарда толтырған жөн. Тұрмыстық газ баллондарын жанармай құю станцияларында толтыруға тыйым салынады.

Ұқсас жаңалықтар

1 қазаннан бастап не өзгереді?

admin

Рекорд: Қазақстанда криптовалюта транзакциясының көлемі жарты жылда 3,6 млрд долларға жетті

admin

32 мыңдай адам өз үйлеріне оралды – ТЖМ

admin