Сайрам: сессияда аудандық бюджет барысы туралы мәселелер талқыланды

0

Сегізінші шақырылымдағы Сайрам аудандық мәслихатының кезектен тыс он сегізінші сессиясы өтті. Жиынға аудан әкімі Арман Сәбитов, мәслихат депутаттары, ауылдық округ әкімдері және дербес бөлім басшылары қатысты. Сессия жұмысын «Amanat» партиясы Сайрам аудандық филиалының атқарушы хатшысы Қуаныш Сыздықов жүргізіп отырды.

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 1-тармағына сәйкес, кезекті сессияның күн тәртібінде аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 20 желтоқсандағы №9-64/VIII «2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу, аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №10-78/VIII «Сайрам ауданы ауылдық округтерінің 2024-2026 жылдарға арналған бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселелер талқыланды.

Басқосу барысында аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Алтынай Айтекеева аталған тақырып аясында баяндама жасап, жауапты мекеме басшыларының сауалдарына тиісті жауаптар берді.

Сессия соңында күн тәртібіне енгізілген мәселелердің барлығы тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында алдын-ала талқыланып, сессия қарауына жіберу туралы бірауыздан шешім қабылданды.

Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі


ПІКІР ЖАЗУ