The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Сайрам: Ақсукент ауылындағы базарда заңсыз сауда жасаушыларға зерделеу жұмыстары жүргізілді

Саудагерлердің кез келген бос аумақта яғни, жол жиегінде, жерде, сөренің орнына қатты қағаз немесе басқа да заттар төсеп бейберекет саудалаған тауарлары халықтың денсаулығы мен өміріне қауіп тудырады.  Өкінішке қарай, мұндай жағдайларда санитарлық ережелер де сақталмауы мүмкін. 

Осыған орай, аудан әкімі Арман Сәбитовтің тапсырмасына сәйкес, аудан әкімінің орынбасары Мадияр Оразалиев және жауапты тұлғалар аудан аумағындағы белгіленбеген орындарда сауда жасаушыларға кезекті бақылау жұмыстарын жүргізді. 

Аралау барысында Ақсукент ауылдық округінің базарында заңсыз сауда жасаушыларға Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманың негізгі баптарын түсіндіріп, аудан аумағындағы базарлар мен жәрмеңкелердегі орындарда сауда жасау керек екенін ескертті. Рұқсат етілмеген жерлердегі сауда заңсыз екенін назарға ала отырып, сауда қызметін заңдастыру бойынша түсіндіру жұмыстарын тұрақты түрде жүргізілетінін жеткізді.

Бұдан бөлек, аудан орталығындағы көше базарларын біртіндеп заманауи сауда форматына ауыстыру мақсатында Ақсукент ауылдық округінің әкімі Мади Нурлыбаев пен тиісті сала басшыларына тапсырмалар берді.

Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Сауран: «Инвестиция көлемін арттыру бағытында жұмысты жандандыру керек»

admin

Түлкібас ауданында аламан айтыс өтті

admin

Түркістанда Рақымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығы атап өтілді

admin