Шардара: 2024 жылы газ өндіруді 2,3%-ға арттыру жоспарлануда

0

Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында газ саласын дамыту мәселелері қаралды. ҚР энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев қазіргі жағдай мен биылға арналған болжамды жоспарлар туралы баяндады, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Энергетика министрлігінің жоспары бойынша, 2024 жылдың соңына дейін Қазақстанда 60,5 млрд м3 өндіріледі. Өткен жылғы көлеммен салыстырғанда өсім 2,3% құрайды.

Осы жылдың бірінші жартыжылдығында 30 млрд м3 газ өндірілді, бұл жылдық жоспардың 50% құрайды. Негізгі өсім Қарашығанақ, Теңіз және Қашаған ірі кен орындары есебінен қарастырылған.

Өткен жылы тауарлық газды өндіру көлемі 29,8 млрд м3 құрады. Оның ішінде бірінші жартыжылдықта 14,9 млрд м3 өндірілген, бұл биылғы жоспардың 50% құрайды.

«Ішкі нарықтың қажеттіне 2023 жылы 19,4 млрд м3 жеткізілді. 2024 жылға болжамды тұтыну көлемі шамамен 20,9 млрд м3 құрайды. Сұйытылған мұнай газын өндіру жоспары да өткен жылдың деңгейінде – 1,6 млн тонна. Бүгінгі таңда 0,8 млн тонна немесе 53,3% өндірілді», — деді А. Сәтқалиев.

Энергетика министрлігінің болжамды балансына сәйкес, Қазақстанда тауарлық газ өндіру көлемі тұрақты өседі:  2023 жылғы 22,5 млрд м3-ден 2030 жылға қарай 36,6 млрд м3-ге дейін. 1,6 есеге арттыруды қамтамасыз ету жоспарлануда.

Жаңа газ кен орындарын барлауға және игеруге инвестициялар тарту шеңберінде QazaqGaz бен Chevron арасында Ақтөбе облысындағы Жәлібек учаскесінде геологиялық барлау жұмыстарын бірлесіп жүзеге асыру туралы келісімге қол қойылды.

Тауарлық газдың ресурстық базасын ұлғайту Жол картасына сәйкес жүзеге асырылуда.

Жол картасын жүзеге асыру аясында 2023 жылы Рожковское, Шығыс Өріктау, Анабай кен орындары өнеркәсіптік пайдалануға берілді.

2026-2030 жылдар аралығында төрт газ өңдеу зауытын кезең-кезеңімен іске қосу басталады:

Қашаған кен орнының шикізаты негізінде – қуаты жылына 1 және 2,5 млрд м3 2 зауыт (Катар инвесторы UCC Holding тартылды);

Қарашығанақ кен орнының шикізаты негізінде – қуаты жылына 4 млрд м3;

Жаңаөзен қаласында қуаты жылына 900 млн м3 газ өңдеу зауытын салу.


ПІКІР ЖАЗУ