Созақта жалпыаудандық сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды
Бүгін «Таза Қазақстан» Республикалық акциясы аясында Созақ ауданы бойынша барлық ауылдар мен елді мекендерде жалпыхалықтық сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды.
Сенбілікке барлық мекеме қызметкерлері, қоғамдық ұйым мүшелері, белсенді жастар мен ауыл тұрғындары атсалысып, аялдамаларды, су өткелдерін, көпірлерді, өзен, канал, бұлақ пен арық бойларына тазалық жұмыстарын жүргізді.
Сондай-ақ әр мекеме қызметкерлері Шолаққорған ауылында орналасқан “Жастар саябағына” жұмылдырылып, саябақ аумағын абаттандыруға атсалысты. Аяқ жолдарды ретке келтірді. Қураған шөптерді отап, тұрмыстық қалдықтардан тазартты. Осылайша барша мекеме қызметкерлері, аудан тұрғындары, жастар қауымы тазалық жұмыстарына көмек қолын созуда әрдайым ниетті екендіктерін білдіріп келеді. Жоғарыда аталған жұмыстар легі алдағы уақытта да өз жалғасын тауып, жүйелі түрде жүргізіліп отырады.
Бүгінгі сенбілікке екі мыңға жуық адам мен 16 арнайы техника жұмылдырылды. 35 шақырым көше бойлары мен 18 шақырым аяқ жолдар ретке келтірілді. Өзен-көлдер мен арықтардың 18 шақырымы тазаланып, полигондарға сенбілік барысында 78 тоннаға жуық қоқыс тасымалданды.