Отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен «Саламатты Қазақстан» пойызы өз жұмысын бастады
«Саламатты Қазақстан» денсаулық пойызы 11 шілдеде Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Амангелді станциясында «Саламатты Қазақстан» пойызы өз жұмысын бастады. Бұл жоба ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен «Самұрық-Қазына» АҚ-ның қолдауымен жүзеге асуда. Мақсаты – шалғай аудандарда тұратын азаматтарға медициналық, психологиялық, құқықтық және медиациялық көмек көрсету.Шыңғырлау ауданында мамандар тобы 2 күн бойы қызмет етеді. Пойыздың жұмысы салтанатты түрде ашылып, оған аудан әкімінің орынбасары Миржан Нұртазиев, әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі аудандық комиссия өкілдері қатысты.
Бас дәрігер Айнұр Егінбаева және заңгер Айшат Ғаббасова тұрғындарға қызметтердің тегін екенін түсіндірді. Сонымен қатар, аудандық аналар кеңесінің төрайымы Ктабия Абдугазиева тілегін жеткізді.Шараға облыс әкімі аппаратының бас инспекторы Татьяна Рогозина, облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Гулжанар Шукеева, аудандық аурухана директорының міндетін атқарушы Алтынзер Бекжанова қатысты.Ауыл тұрғындары пойыз қызметкерлеріне алғысын білдірді. Кездесу заманауи жабдықталған медициналық вагондарға барумен жалғасты. Мобильді бригаданың жұмыс кестесі сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.