The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

ТҮРКІСТАН: Сайрамда жол жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр

Сайрам ауданында тұрғындарды толғандырып жүрген түйткілді мәселелер шешімін тауып келеді. Соның ішінде, жол мәселесі аудан әкімі Арман Сәбитовтің тұрақты бақылауына алынған. Бүгінде ауданға қарасты елді мекендерде жергілікті көшелердің жолдары кезең-кезеңімен жөнделіп, қалыпқа келтіріліп  жатыр.

Биыл Қарамұрт ауылында жыл соңына дейін  7 көшеге асфальт төсеу жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда 2,8 шақырымды құрайтын Абай, 1,4 шақырымды құрайтын Жеті мама, 710 метр шамасындағы М.Шерметов көшелеріне асфальт төселді. Аталған көше тұрғындары атқарылған жұмыстар үшін  жауапты тұлғаларға өз алғыстарын білдіруде.

Алдағы уақыта ауылдық округтегі көлік қатынасының сапасы мен  қарқынын жақсарту мақсатында Жамбыл, Сайрам, Р.Нематуллаев, Полатов көшелеріне жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Ұқсас жаңалықтар

Қасиетті Түркістанға киелі Отырардан рухани-мәдени көш келді

admin

Түркістан облысында «Келес» деп аталатын жаңа көшет түрі өсіріліп жатыр

admin

50-ге жуық қайта өңдеуші кәсіпорын жұмыс істейді

admin