The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Әр балаға 15 мың теңгеге жуық: Елде жәрдемақы мөлшері қанша

Жыл басынан бері көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақымен орта есеппен 594,8 мың отбасы жалпы сомасы 236,2 млрд теңге мөлшерінде қамтылды, оның ішінде маусым айында 594,8 мың отбасыға 40 млрд теңге мөлшерінде жәрдемақы төленді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады.

Төлем мөлшері бала санына қарай есептеліп төленеді және 2024 жылы:

— 4 баласы бар отбасыларға – 16,03 АЕК немесе 59 183 теңге;

— 5 балаға – 20,04 АЕК немесе 73 988 теңге;

— 6 балаға – 24,05 АЕК немесе 88 793 теңге;

— 7 балаға – 28,06 АЕК немесе 103 598 теңге;

— 8 және одан да көп баласы бар отбасыларға – әр балаға 4 АЕК немесе 14 768 теңге мөлшерінде төленеді.

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап балалы отбасыларға тағайындалатын мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 7%-ға артқанын атап өтеміз.

Биыл көпбалалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы төлеуге 474,8 млрд теңге қарастырылған.

Ұқсас жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: Коммерциялық нысандаржың жарнамалық жазбаларын заңға сай жазылуын қадағалауға алды

admin

Қостанайда шегіртке салдарынан 23 мың га егістік зақымданғаны рас па?

admin

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды саурандық тұрғындарды қабылдады

admin