ТҮРКІСТАН: Кентаулық диқандар тамшылатып суғару әдісі арқылы бірқатар егін түрін өсіруде
Кентау қаласына қарасты Қарнақ ауылы егіншілікке бейім аумақ саналады. Ауыл тұрғындары бос жатқан жерлерге егін егіп, отандық өнім түрлерін өндіруге үлестерін қосып келеді. Атап айтсақ Кентаулық «Эрмет ата» шаруақожалығы егіннің бірнеше түрімен айналысуды қолға алған.
Шаруақожалық 2006 жылдан бері жұмысын жалғастырып келеді. Биыл 6 га жерге бау-бақша, 4 га жерге бидай, 5 га жергке жоңышқа, 2 га жерге жүзім, 5 га жерге қарбыз еккен. Барлығы тамшылатып суғару әдісімен өсірілуде. Өнімдері дайын болғанда бірқатар ауыл тұрғындары уақытша жұмыспен қамтылады деп күтілуде.
Шаруақожалықтың иесі, Әлішер Эрметұлының айтуынша, жемістердің басым көпшілігі Өзбекстан елінен әкелініп, осында көбейтілуде.
— Шаруашылықпен айналысу оңай емес. Қажет шараларды жасап, мол өнім алуға еңбектенудеміз дейді, — шаруа иесі Әлішер Эрметұлы.
Бүгінде жиналған өнімдер Кентау, Түркістан қалаларынан бөлек, басқа да аудан-қалаларға тасмалдануда.