Сайрам: «Баланы мектепке даярлайық» акциясы аясында бірқатар оқушыларға оқуға қажетті бұйымдар берілді

0

Еліміздің барлық өңірлерінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен жыл сайын «Мектепке жол» акциясын өткізу дәстүрге айналған. Осындай игі шаралардың бірі  «Баланы мектепке даярлайық» акциясы биыл да Сайрам ауданында жалғасын тапты. Осыған орай, аудандық мәдениет үйінде 30 оқушыға  мектеп формасы мен оқуға қажетті кеңсе тауарлары табысталды.

Аталған шараға «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Алтынсары Үмбеталиев, Сайрам ауданы әкімінің орынбасары Мадияр Әліпов, «Amanat» партиясы Сайрам аудандық филиалының атқарушы хатшысы Қуаныш Сыздықов , «AMANAT» партиясы Сайрам аудандық филиалы, фракция жетекшісі Бекжан Алимжанов, аудандық мәслихат депутаттары, бастауыш партия ұйымының, бірқатар ауылдық округ әкімдері мен бөлім  басшылары қатысты.

Басқосу барысында Алтынсары Дүйсенбекұлы бүгінгі білім көкжиегін кеңейту бағытында биік белестерден көрінуіміз білімді жастардың арқасы екенін айрықша атап айтты. Жаңа оқу жылына сәттілік, тың бастамалар мен жарқын жетістіктер тіледі.

Жиын соңында ата-аналар мен оқушылар аталмыш шараны жыл сайын дәстүрге айналдырып, көптеген игі істерге бастамашы болып келе жатқан ұйымдастырушыларға өз алғыстарын білдірді.


ПІКІР ЖАЗУ