Сайрам: МӘМС — халықтың денсаулығын дұрыстауға, сапалы ем алуына септігін тигізеді
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалының директоры Б.Исмаханбетовтің төрағалығымен МӘМС жүйесіне тұрғындарды қамтуды күшейтуге байланысты ақпараттық түсіндіру жұмыстары бойынша кездесу өтті.
Мәжіліске аудан әкімінің орынбасары М.Әліпов, аудандық полиция басқармасы, мемлекеттік кірістер басқармасы, әлеуметтік қамсыздандыру және жұмыспен қамту бөлімі, қорғаныс істер бөлімі, жоғары және арнаулы оқу орындарының басшылары, мектеп және балабақша есепшілері, медициналық ұйымдар, ауылдық округ әкімдері қатысты.
Басқосу барысында Б.Исмаханбетов тұрғындарды МӘМС жүйесіне қамту бойынша тиісті алгоритмдерді түсіндірді. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың тұрғындарды Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (әрі қарай – МӘМС) жүйесінде өзектендіру шараларын жандандыруға байланысты берілген тапсырмасына сәйкес, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі және Түркістан облысы әкімдігі арасындағы 2022-2024 жылдарға арналған тұрғындардың денсаулығы жағдайын жақсарту жөніндегі меморандумда МӘМС жүйесіндегі сақтандырылған азаматтардың үлесін 2024 жылға 86 пайызға жеткізу жоспарға қойылғанын айтты.
Жиын соңында елімізде енгізілген медициналық сақтандыру жүйесінің денсаулық сақтау саласы қызметін жақсартуға, сондай-ақ, халықтың денсаулығын дұрыстауға, сапалы ем алуына септігін тигізетін жеткізді.
Өз кезегінде, қатысушылар қозғалған тақырыпқа қатысты қойылған бірқатар сұрақтарына тиісті жауап берілді.