Былтыр түркістан облысында «сақалды» құрылысқа айналған 44 табиғи газ нысаны іске қосылды

0

Түркістан облысында соңғы 10 жыл аралығында құрылысы жүргізіліп, іске қосылмаған 46 табиғи газ нысаны бар болатын. Оның ішінде 40 елді мекен, 2 көше, 2 автоматты газ тарату станциясы бар. Өткен жылдың қорытындысымен оның 44-і іске қосылды.

Тиісті жұмыстарды жүргізу есебінен екі жылда 144 мың халық тұратын 54 елді мекен газбен қамтылды. Бұдан бөлек, биыл 54 нысанның құрылысы аяқталып, қосымша 47 елді мекен табиғи газға қосылуға мүмкіндік алады. Нәтижесінде «көгілдір отынмен» қамтылған елді мекендер саны 557-ге жетіп, қамту деңгейі  67,2 пайызды құрайды.

2018 жылдан бері республикалық және облыстық бюджет қаражаты есебінен 5 аудандағы 800 мың халықты сапалы электр қуатымен қамтитын «Қызыләскер» қосалқы станциясының құрылысы жүргізіліп, аяқталған. Сонымен қатар, осы қосалқы станциядан қуат алатын 110 киловольттық,  91 шақырым электр желісінің құрылысы қыркүйек айында аяқталады деп жоспарлануда.

Кентау қаласындағы №5 жылу орталығы 2012 жылдан бері жөндеу көрмей, 85 пайызға тозған. 6 қазандықты реконструкциялау жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар бюджет есебінен 6,6 шақырым магистралды жылу құбыры қайта жаңартылуда.

Созақ ауданы «Шолаққорған су» МКК кәсіпорны жылыту маусымына қазандықтарды сапалы дайындау мақсатында жергілікті бюджеттен Мазут қазандығы мен жылу желілерін ағымдағы жөндеу жұмыстарына қаржы қаралып, қазандықтарға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.


ПІКІР ЖАЗУ