The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

«TURKISTAN CUP – 2024» сайысында Түркістандық команда чемпион атанды

Түркістанда 2010, 2012-2013 жылы туған жасөспірімдер арасында футболдан  «Turkistan Cup – 2024» республикалық турнирі өтті. Сайысқа Астана, Ақтау, Тараз, Қонаев, Түркістан, Кентау қалалары мен Алматы облысынан 16 команда қатысты.

Шараға қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Қадырболат Мұсағалиев пен қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Сәрсенбаев қатысып, еліміздің әр өңірінен келген жас спортшыларға қолдау білдірді.

Ойын нәтижесінде 2010 жылы туған жасөспірімдер арасында «Түркістан» командасына чемпиондық кубок бұйырды. II орынды «Қонаев» командасы, III орынды «Каспий» командасы иеленді.

Ал 2012-2013 жылы туған жасөспірімдер арасындағы чемпиондық кубокты Түркістан қаласының «Балалар мен жасөспірімдер спорт клубының» командасы қанжығаға байласа, II орынды «Тұран Түркістан» командасы, III орынды түркістандық БЖМОФМ мектебі еншіледі. Үздік ойыншыларға арнайы номинациялар табысталды.

Ұқсас жаңалықтар

Стратегиялық құрылыс нысандарын аралады

admin

Доллар қымбаттаса, азық-түлік бағасы өзгере ме? – Сүлейменов жауап берді

admin

Арыстық сайыпқыран ел президентінің қолынан мемлекеттік награда алды

admin