ТҮРКІСТАН: Саурандағы жаңа иқан ауылында 577 орындық жаңа білім ошағы ашылды

0

Бүгін Сауран ауданы, Жаңа Иқан ауылдық округінде орналасқан 577 орындық жекеменшік «Дарын KZ 1» жалпы орта мектебі салтанаты түрде ашылып, ел игілігіне пайдалануға берілді.

Мектептің ашылуы рәсіміне Сауран ауданы әкімінің орынбасары Бақытжан Букебаев, білім бөлімінің басшысы Ақмарал Батырбекова, білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрайымы Фатима Рысбекова, ауыл ақсақалдары қатысты. Аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Букебаев жиналған көпшілікті жаңа мектептің ашылуымен құттықтады.

Жалпы ауданда биылғы жаңа оқу жылында 5 мектеп пайдалануға берілді. Оның 1-і мемлекеттік болса, қалған 4- і жекеменшік мектептер. Жыл соңына дейін «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында 3 мектеп пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Атап айтсақ, С.Қожанов елді мекеніндегі 300 орындық, Еңбекші Дихан елді мекеніндегі 600 орындық, Аша елді мекеніндегі 600 орындық білім ошақтары қолданысқа беріледі. Сондай-ақ, келесі жылы Ынталы мен Құмтүйін елді мекендерінде 600 орындық екі мектептің құрылысы аяқталады деп күтілуде.

Айта кетсек, ауданда 56 орта білім беру ұйымдары болса, оның 41 мемлекеттік, қалған 15-і жекеменшік. Онда 23 911 оқушы білім алуда, Аталған мектептерде 3578 ұстаз қызмет етеді. Биылғы оқу жылында 2 228 бүлдіршін 1 сыныпқа қабылданған.


ПІКІР ЖАЗУ