The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

Шерзат өлімі: Туған күннен кейін күдіктілер әртүрлі камераға ауысқан

 Алматы облысының полициясы Шерзат Болаттың өліміне қатысты күдіктілерді уақытша ұстау изоляторында әртүрлі камераларға орналастырды.

«Курсив» басылымының  мәліметінше, мұндай шешім, күдіктілердің туған күнін атап өтіп жатқан сәті түсірілген видео жанжалынан кейін қабылданған.

Полиция күдіктілерді әртүрлі камераларға бөліп орналастырумен қатар, оларға қатысты заңнамаға сәйкес «қосымша шаралар» қолданғанын мәлімдеді. Алайда нақты қандай шаралар екені көрсетілмеді.

Ақпан айының ортасында интернетте Шерзат Болаттың өліміне күдіктілердің ҰҰИ ішінде туған күн тойлап жатқан видеосы тараған еді. Бұл жағдай үлкен дау туғызды. ҚР Ішкі істер министрлігі қызметтік тексеру жүргізіп, видеоны түсіруге ҰҰИ қызметкерінің қатысы бар екенін анықтады. Ол «қызмет мүдделерін сатқаны» және «қызметтік тәртіпті бұзғаны» үшін жұмыстан шығарылды. Тексеріс нәтижесінде 16 адам, оның ішінде ҰҰИ басшысы да жазаланды. Кейбірі қызметтен босатылды.

Бұл іс бойынша барлығы 10 адам күдікті ретінде танылған. Ақпан айының соңында Ішкі істер министрлігі тергеудің аяқталғанын мәлімдеп, істі прокурорларға жолдады. Көп ұзамай іс сотқа жіберіледі.

Ұқсас жаңалықтар

2026 жылдан бастап дәрігерлердің жалақысы өседі

admin

ТҮРКІСТАН: білім саласындағы жемқорлықты жою үшін қатаң шаралар жүргізілуде

admin

Түркістан облысында басқарма басшысының орынбасары пара алды деп күдіктелуде

admin