The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

ТҮРКІСТАН: биыл Жетісайда 13 спорт нысаны салынады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2-қыркүйек күні жолдаған дәстүрлі Жолдауында салауатты өмір салтын насихаттап, бұқаралық спортты дамыту қажеттегіне тоқталған болатын. Осы мақсатта Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытовтың бастамасымен аудандағы барлық деңгейдегі мемлекеттік және квазимемлекеттік мекемелердің, аудандық мәслихат аппаратының қызметкерлері арнайы «Спорт күнін» белгіледі.

Өз кезегінде мемлекеттік және квазимемлекеттік мекеме қызметкерлері, аудандық мәслихат аппараты қызметкерлері арасындағы достық қарым-қатынасты нығайта отырып таныс арттыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру, бұқаралық спортты дамыту мен еңбекке деген талпыныстарын, қимыл-қозғалыс арқылы өмірге деген құлшыныстарын арттыру мақсатындағы спорттық шараларға аптасына 2 күн жұмыстан кейінгі 3 сағат уақыт арналып отыр.

Бүгінде аудан аумағында бұқаралық спортты дамыту мақсатында биыл жеке инвесторлар мен бюджет есебінен салынуы жоспарланған 13 спорт нысанының 3-уі пайдалануға берілсе, 4 нысанның құрылысы жүргізілуде, тағы 6 нысан бойынша мемлекеттік сатып алу жұмыстары атқарылуда.

Ұқсас жаңалықтар

Мыңнан астам абонент көгілдір газбен қамтылады

admin

Жәрдемақылардың саны азая ма? – Дүйсенова жауап берді

admin

Түркістан облысында бәсекелестікті қорғау департаменті 40-тан астам талдау жүргізген

admin