The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

ТҮРКІСТАН: Сарыағаш ауданында «ауыл – ел бесігі» жобасы сәтті жүзеге асырылуда

Түркістан облысы, Сарыағаш ауданында «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында спорт  кешендері бой көтеруде. Осы ретте аудан әкімі Арман Абдуллаев Жартытөбе ауылдық округіне арнайы  жұмыс сапарымен барып, Құрама елді мекенінде «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында бой көтеріп жатқан спорт кешенінің құрылыс жұмыстары барысын бақылады.

Аудан әкімі спорт нысанының ауыл үшін маңызы зор және оның сапалы салынуы басты шарт екенін атап өтіп, құрылыс жұмыстарының қарқынын күшейтіп, уақытылы жүргізілуін қатаң бақылауда ұстау керектігін ескертті. Сонымен қатар жауапты сала басшыларына  осы жұмыстарды үнемі назарда ұстауды тапсырды.

Айта кетсек, бүгінде нысанның темір колоннары мен темір конструкцияларының сырлау, нысанның сыртқы сэндвич панелін  орнату жұмыстары, сонымен қатар екінші қабатқа көтерілетін баспалдақтарына және нысанның ішкі еденіне бетон құю жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс алаңында жалпы 22 құрылысшы жұмыс істеп жатыр.

Ұқсас жаңалықтар

Ордабасы: ауылдың әлеуетін көтеру үшін ауылшаруашылық саласына аса көңіл аудару қажет

admin

ТҮРКІСТАН: депутаттық комиссия мүшелері әлеуметтік нысандардың жай-күйін бақылады

admin

Жамбылда 170 тонна қарасора жойылды

admin