The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

Түркістанның «Тұраны» қатарынан екінші рет жеңіске жетті

Футболдан Қазақстан премьер-лигасының кезекті тур ойындары өтті. Түркістан облысының намысын қорғайтын «Тұран» командасы «Түркістан Арена» стадионында Петропавлдың «Қызылжар» футболшыларын қабылдап, 1:0 есебімен жеңіске жетті. Тартысты ойынның 5-ші минутында тұрандық Никола Цукчич ойындағы жалғыз жеңіс голын соғып, әріптестерін алға шығарды. Ойынның қалған бөлігі алма-кезек шабуылдармен өрбігенімен, есеп өзгермеді.

Осылайша, «Тұран» командасы 21 тур аясында өткен кездесуде 3 ұпайды еншілеп, турнир кестесінде жағдайларын біршама жақсартып алды. Олар 19 ұпаймен 11-ші орында келеді. «Тұранның» қатарынан 2 рет жеңіске жетуіне «Түркістан Арена» стадионына оралуы да өз әсерін тигізді. Екі ойында да стадионда жанкүйерлер қатары қалың болып, футболшыларға шабыт сыйлай білді.

Тағы бір айта кетерлігі, ойыннан кейін Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің  үйлестіруімен Түркістанның белсенді жастары стадионда тазалық жұмыстарын жүргізіп, көпшілікке үлгі көрсете білді.

Енді «Тұран» аяқдоп шеберлері 27-ші қыркүйек күні Шымкентте «Ордабасы» командасымен кездеседі.

Ұқсас жаңалықтар

Cуға батып бара жатқан спортшыны құтқарған Ұлттық ұлан сарбаздары марапатталды

admin

Қазақстанда алғаш рет балалардағы бауыр обырын емдеудің бірегей әдісі енгізілді

admin

Сарыағаш: қала аумағында спорт және балалар ойын алаңшаларымен аббатандыру жұргізіліп жатыр

admin