The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

ТҮРКІСТАН: құрылысы кешіккен жобалар қатаң қадағаланады

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен мәжілісте өңірде құрылысы жүретін нысандардың сәулеттік жобалары талқыланды. Мәжілісті Түркістан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Нұрлыжан Букебаев жүргізіп, жобаларды таныстырды. Сонымен бірге Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Байдулла Оразбеков облыс орталығында жүзеге асатын бастамалар туралы баяндады. Өңір басшысы мемлекеттен жерді алып, игермей отырған инвесторлар мен кәсіпкерлермен тиісті жұмыс жүргізуді тапсырды.

– Жоспарға енгізіліп, жер берілген соң оны игеру керек. Жылдап созып жүруге болмайды. Өңірдегі жобалар уақтылы жүзеге асырылсын. Қадағалаңыздар. Түркістанда салынатын туристік нысандар келушілерге ыңғайлы әрі сапалы болуы тиіс, – деді Дархан Сатыбалды.

Мәжілісте «Жібек жолы» туристік орнын салу, Түркістанның Қызылорда облысынан кіреберіс жағын дамыту, тұрғын үйлер салу, облыс орталығының Бас жоспарын жетілдіру, Сарыағаштағы шекара маңын дамыту, Сауранның туристік әлеуетін көтеретін жоба және өзге де сәулеттік үлгілер талқыланды. Жауаптыларға тиісті тапсырмалар берілді.

Ұқсас жаңалықтар

Самарқанд қаласында өтіп жатқан «Өзбекстан – Қазақстан» IV өңіраралық форумына Түркістан облысының делегациясы да қатысты

admin

Түлкібас: Састөбе саябағын демеушілер есебінен жандандыру мәселесі қаралды

admin

Қазақстанда америкалық спутник желісі іске қосылады

admin