The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Шымкент: Сәуле шағынауданында саялы саябақ бой көтеруде

Сәуле шағынауданы тұрғындарының үш жыл күткен саябағы жақында қолданысқа беріледі. Елдімекен көркін арттыратын, халыққа жанға жайлы демалыс сыйлайтын саябақ құрылысы жүргізілуде.

Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков жаңа демалыс алаңының құрылыс жұмыстарымен танысты.

 Қазір 2,5 гектарды алып жатқан саябақта көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде. 900 шаршы метрге асфальт жабындылары төселіп, 8 мыңнан аса шаршы метрге түрлі өрнектастар орнатылған.

Сондай-ақ, жасанды газондар саябақты әдемі реңке көмкеріп тұр.

Жоспарға сәйкес демалыс орны жыл соңына дейін пайдалануға беріледі.

 Айта кетейік, шағынауданның инфрақұрылымын жақсарту бағытындағы жұмыстар да жоспарға сәйкес атқарылуда. Мұнда жаңа нысандар да бой көтере бастады.

Қала әкімі жауаптыларға құрылыс жұмыстарын талаптарға, өндірістік кестеге сай атқарып, тұрғындарға қолайлы жағдай жасауда нақты тапсырмалар жүктеді.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: Кентау қалалық ауруханасының ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде

admin

Алматыда баспананың шаршы метрі 700 мың теңгеге жетті

admin

ШЫМКЕНТТЕ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ СТАЦИОНАРЛАРДА 2397 ТӨСЕК ОРЫН ЖАБЫЛДЫ

admin