«ТҮРКІСТАН-АНТИТЕРРОР-2024» жедел-тактикалық оқу-жаттығуы өтіп жатыр
Бүгін «Ақтас» оқу-дала орталығында терроризмге қарсы күрес жөніндегі Түркістан облыстық жедел штабымен «Түркістан-Антитеррор-2024» жедел-тактикалық оқу-жаттығуы өтіп жатыр.
Оқу-жаттығу жиындарының мақсаты – әскери резервті жинақтап, мамандардың білімін жетілдіру, әскери міндеттілердің далалық білімін және олардың іс-қимылдарының үйлесімділігін арттыру.
Маңызды әскери жаттығуға Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды мен өңірдің құзырлы орган басшылары қатысты. Іс-шараның барысында ескерту жүйелерін жетілдіру, штабтың лаңкестік сипаттағы қауіптерге жауап беруге дайындығы, лаңкестік салдарын барынша азайту мен жою мәселелері пысықталды. Жедел топтар қолдан жасалған жарылғыш құрылғыларды, шартты түрде сотталған лаңкестермен келіссөздер ұйымдастыру, сондай-ақ кепілге алынғандарды босату бойынша және лаңкестерді залалсыздандыру операциясын жүргізуде.