The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

ТҮРКІСТАН: Сайрамдық аналар жүлделі орын алды

Шымкент қаласындағы «Достық үйінде» «Ұлттық киім – ұрпаққа мұра» фестивалі өтті. Ұлттық мәдениетті дәріптеуді көздеген іс-шарада сайрамдық «Көркем әжелер» тобы ұлттық киімдер мен зергерлік бұйымдардың көрмесі мен этностильдік және заманауи сәндік киім үлгілерінің көрсетіліміне қатысты.

Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақтану» жобасы аясындағы іс-шараның мақсаты –  ұлттық киім тігумен және ұлттық нақышта зергерлік бұйымдар жасаумен айналысатын қолөнер шеберлерінің бұйымдарын дәріптеу арқылы өскелең жас буынды ұлттық рухта тәрбиелеу.

Өз кезегінде, кәсіби мамандардан құрылған қазылар алқасы фестиваль қорытындысы бойынша «Көркем әжелер тобы» жүлделі үшінші орынды иеленді.

Сайыс соңында аудандық Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Даулетхан Алашбаев және мәдениет қызметкерлері ақ жаулықты аналарымызды құттықтап, қошемет көрсетті.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте 200-ден астам отбасы тұрғын үй көмегін алды

admin

Алматы жастары жаңа Конституция жобасына қолдау білдірді

admin

«ТҮРКІСТАН-АНТИТЕРРОР-2024» жедел-тактикалық оқу-жаттығуы өтіп жатыр

admin