The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Түркістан облысында адам папиллома вирусына қарсы 24 мыңға жуық екпе егу жоспарланған

Бүгін өңірлік коммуникация қызметінің алаңында Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшы орынбасары  Елемесов Бахтыораз Мизамұлы адам папиллома вирусына қарсы вакцинациялау бойынша брифингте баяндама жасады. Басқарма басшысының орынбасары жатыр мойны обырының шалдығуына жол бермеудің бірден-бір тиімді баламасыз құралы болып табылатын вакцинация туралы кеңінен ақпарат берді.

– Жатыр мойны обырының дамуы — әйелдің адам папиллома вирусын жұқтыруымен тікелей байланысты. Бұл туралы көптеген ғылыми дәлелдер бар. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, 95% — дан астам жағдайда жатыр мойны обырын (ЖМО) адам папиллома вирусы (АПВ) тудырады. АПВ бар әйелдерде жатыр мойны обырының даму ықтималдығы вирус жоқ әйелдерге қарағанда 6 есе жоғары. Бүгінде елімізде осы вирустың алдын алу мақсатында вакцинациялау жұмыстары қолға алынуда. Ағымдағы жылдың қыркүйек айынан бастап 11-14 жас аралығындағы қыздарға ата-анасының рұқсатымен екпе жұмыстары жүргізілмек, — деді Бахтыораз Мизамұлы.

Айта кетейік, екпе егудегі мақсат — адам папилломасы вирусымен байланысты өзге де қатерлі ісіктердің жиілігін төмендету. Екпенің денсаулыққа ешқандай кері әсері жоқ, қауіпсіз. Республикамызда 4 валентті «Гардасил» вакцинасын қолдану көзделіп отыр. Вакцина тегін негізде білім беру ұйымдарының егу кабинеттерінде жүргізіледі. Облыс бойынша 24 мыңға жуық қыз балаға егу жоспарланған.

Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында 270 мыңнан астам адамға тұмау мен ЖРВИ-ге қарсы екпе салынды

admin

ТҮРКІСТАН: Түлкібаста 50 мың форель шабағы жасанды тоғанға жіберілді

admin

Жаңбыр жауса көлік батады: Алматыдағы Аманжол көшесіндегі мәселе қашан шешіледі

admin