The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

Түркістан облысында есірткі контрабандасына қатысты 120-дан астам шетелдік ұсталған

Есірткі қылмысы елді алаңдатып отыр. Ұлт қауіпсіздігіне қатер төнгізетін бұл кеселмен күрес Түркістан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері тарапынан тоқтаған емес. 

Мәселен тәртіп сақшыларының ағымдағы жылдың 10 айында есірткінің заңсыз айналымына қатысты 652 дерекке тосқауыл қойды. Оның 267-сі қылмыс болса, 385-і теріс қылық. Есірткі сату 42 дерек, аса ірі көлемде есірткі сақтау 13 дерек, құрамында есірткі заты бар өсімдіктерді өсіру 67 дерек, есірткіні, психотроптық заттарды заңсыз жарнамалау, насихаттау бойынша 8 дерек. 

Полиция, прокуратура өңір жастарымен бірлесіп, 100-ге жуық есірткі жазбалары, яғни граффитилер жойды. Заңсыз айналымнан 335 келіге жуық  есірткі заттары тәркіленді.

Есірткіні контрабандалық жолмен тасымалдаудың 137 арнасының жұмысы тоқтатылды. Мысалы контрабанданың 127-сі Өзбекстан шекарасынан Қазақстан аумағына өту кезінде анықталған. Ал 10 жайт ҚР-нан Өзбекстанға өту сәтінде жолы кесілді. Күдіктілердің 88-і өзбекстандық, 37-сі тәжікстандық болып табылады. Ал трамадолға қатысты 2 қылмыстық іс, 1 теріс қылық тіркелді. 1000 дана трамадол дәрісі тәркіленді. 

Сондай-ақ  есірткі қойып кетуші 34 тұрғын анықталып, олардан 4 келіден астам синтетикалық есірткі алынды. 

Сонымен қатар тікұшақпен аудандарда есірткі егуге ықтимал жерлерге әуемен барлау жұмыстары жүргізілді.

Ұқсас жаңалықтар

Еліміздегі турист көп келетін 5 өңір белгілі болды

admin

Сапалы су 514 мың адамға: Су ресурстары министрлігі 53 жобаны аяқтады

admin

Алматыдағы “Көк базар” тексеріледі: Саудагерлер қысым туралы шағымданған

admin