The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

2025 жылы пәтер бағасы қандай болады?

 Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов тұрғын үй бағасына қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ипотекасы бар адамдардың банк алдындағы міндеттемелері сол күйі қалады. 2024 жылы әлеуметтік тұрғын үйдің бір шаршы – 300-350 мың теңге. Қазір бағаны қалыптастыру орталығымен бірлесіп, 2025 жылды есептеп жатырмыз. Құны осы аптада  белгілі болады. Ол бойынша баға осы диапазонда қалады. Қосымша ақпаратты осы жұманың соңында шығады. Қазақстан бойынша құрылыс материалдарының бағасына қатысты ақпаратты жинаған соң толық ақпаратты таратамыз. Себебі үйдің бағасы құрылыс материалдарына байланысты ғой, — дейді Қуандық Қажкенов Үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифингте.

Вице-министр доллардың көтерілуі қарай 2025 жылы баспана бағасында өзгеріс болатынын ескертті.

Ипотекасы барлар о баста келісімшартқа қол қойған кезде алған міндеттемелері бойынша несие төлейді. Бұл жерде ешқандай жаңашылдық жоқ, — деді Қуандық

Ұқсас жаңалықтар

Қыздың әкесімен байланыстамын: Алматыдағы оқушы суицидіне қатысты уәкіл пікір білдірді

admin

АЭС салынса физик-ғалымдарымыз сыртқа кетпей, өзімізде жұмыс істейтін болады

admin

Қала әкімі жылу маусымына дайындықты күшейтуді тапсырды

admin