The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

М. Әйтенов: «Биылғы қысқа дайынбыз, енді қателесуге болмайды»

Бүгін аудан әкімдері және қала коммуналшылары мәслихат депутаттарына алдағы жылу маусымына дайындық бойынша есеп берді. Есепті тыңдаған мәслихат депутаттары атқарылған жұмысқа қандай баға берді?

Бес аудан әкімі кезекпен жылу маусымына дайындық барысын баяндады. Қала басшысы Мұрат Әйтенов көп қабатты үй тұрғындарын  сығымдау жұмысын уақытылы жүргізуге шақырды.
Мұрат Әйтенов, Шымкент қаласының әкімі: «Тұрғындар үйлерінде сығымдау жұмыстарын жүргізуі тиіс. Олай болмаған жағдайда үйлерді ешкім қабылдамайды. Шымкентте алдағы жылу маусымына дайындықты лайықты жүргізу қажет. Бұл барлығына тапсырма. Білім мекемелерінде жайлы температура болуы шарт. Олар қадағалауда болады».

Қала басшысы биыл қыста былтырғыдай қателікке жол бермеу үшін дайындықты күшейтіп жатқанын айтты: «Алдағы қысқа дайынбыз, былтырғы қателіктерге жол бермеуіміз керек».

Жылу маусымына дайындық барысын тыңдаған былтырғы жағдай қайталанбас үшін бұл жұмысты депутаттар да қатаң бақалуға аламыз,- дейді.

Бахадыр Нарымбетов, Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы: «Біз депутаттар коммуналдық мекеменің жұмысын тексереміз. Алдағы қыркүйек те барлық жылу жүйелері мен нысандарды,  үйлерді көріп шығамыз. Біз білеміз инерттік материалдар жетіспегенін. Біз оны бақылауға аламыз. Артығымен қорын жасаймыз, жетпей қалғанша».

Жиын соңында халық қалаулылары халықпен жиі кездесіп, шенеуніктер жұмысын әрқашан бақылауда ұстайтынын жеткізді.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан: Балалардың жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздігі бойынша рейдтер жалғасып жатыр

admin

Бозарық шағынауданында 49 көпқабатты тұрғын үйге инженерлік желілер тартылуда

admin

ТҮркістандықтар «AGROFEST TÚRKISTAN — 2024» салтанатты шарасында өнер жұлдыздарының концертін тамашалады

admin