The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

Семейде Қайрат Рысқұлбековтің ескерткішіне гүл шоқтары қойылды

 Тәуелсіздік күні Семей тұрғындары ел тәуелсіздігі жолындағы істерге үлес қосқан батырларды еске алды, деп хабарлайды Абай облысының әкімдігі.

Салтанатты шараға Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев, облыстық мәслихат төрағасы Шалқар Байбеков, Желтоқсан оқиғасына қатысушылар, ардагерлер, жастар мен қала тұрғындары қатысты. Іс-шара бір минут үнсіздіктен басталды. Осыдан кейін еліміздің мемлекеттік әнұраны шырқалды.

Қайрат Рысқұлбеков — желтоқсан оқиғасына қатысушылардың бірі. Ол адам құқықтары мен тәуелсіздік үшін күресте батылдық пен табандылықтың символына айналды. Оның ерлігі Қазақстан тарихында өшпес із қалдырып, өскелең ұрпақтың үлгі тұтар тұлғасына айналды – деп жазды әкімдік сайтында.

Ұқсас жаңалықтар

Алматының медициналық ұйымдарында Балаларды қорғау күніне орай 400-ге жуық бала құттықталды

admin

Алматыда қатты жел соғып, қоршауларды ұшырып әкетті

admin

Жайлы мектептерді салуға бюджеттен қанша теңге бөлінеді

admin