The Dala Times ақпараттық сайты
Саясат

Тоқаев Германия президентіне көңіл айтты

 Мемлекет басшысы Германия Президенті Франк-Вальтер Штайнмайерге көңіл айту жеделхатын жіберді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Магдебург қаласындағы жәрмеңкеде орын алған жантүршігерлік оқиға салдарынан бірнеше адамның қаза табуына байланысты Германия Федеративтік Республикасының Федералдық Президенті Франк-Вальтер Штайнмайерге көңіл айтты.

Достас герман халқының ауыр қайғысына ортақтасып, еліміздің және өз атымнан марқұмдардың туған-туыстарына көңіл айтамын. Сондай-ақ зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін, – деп жазылған жеделхатта.

Ұқсас жаңалықтар

Казахстанский блогер Бейбит Алибеков сравнил Алматы и Ташкент

admin

Астана IMEX Frankfurt 2026 іскерлік туризм жөніндегі ең ірі көрмеде ұлттық стендін таныстырды

admin

Үкімет саудадағы «сұр импортқа» тосқауыл қоймақ

admin