The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

Мәжіліс депутаты Кентау қаласына қарасты Ащысай ауылының тыныс-тіршілігімен танысты

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Ерлан Әбдиев жұмыс сапарымен Кентау қаласы, Ащысай ауылына арнайы келіп, тұрғындармен кездесіп, Парламент қабырғасында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндап, тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады. Сондай-ақ жиынға «AMANAT» партиясы Кентау қалалық филиалының төрағасы Арман Басаров, Кентау қаласы мәслихатының төрағасы Қаблан Елеусізов, Кентау қаласы әкімінің орынбасары Ақнұр Байболова қатысты.

Халық қалаулысымен кездесуде Ащысай ауылы тұрғындарын мазалайтын  негізгі мәселелер  – жұмыссыздық, газбен жабдықтау туралы әңгімелер қозғалды. Ерлан Әбдиев қозғалған  мәселелерді шешу үшін жергілікті және облыс әкімшіліктеріне арнайы сұраныс жасайтынын жеткізді. Аталған ауыл ақсақалдары мемлекет тарапынан жасалып жатқан жеңілдіктерге тоқталып, еліміздің Президентіне алғысын білдірді. Мәжіліс депутатына өзін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптарын алды.

Ұқсас жаңалықтар

Ербол Қарашөкеев Жамбыл облысының әкімі лауазымына тағайындалды

admin

ТҮРКІСТАН: Мақтааралда биыл 90 мың тоннадан астам мақта жиналады деп күтілуде

admin

Елімізде өткен жылы 912 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды

admin