The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Бейнеуде жүздеген теміржолшы жалақыны көбейтуді талап етіп, ереуілдетті

 1 тамызда Маңғыстау облысындағы Бейнеу станциясында 300-ге жуық теміржолшы жұмысын тоқтатып, ереуліге шықты. Олар жалақыларын екі есе көбейтуді талап еткен. Бұл жөнінде жергілікті БАҚ-тар жазды. Наразылар жалақыны көбейту мәселесі шешілмей, басшылық назар аудармай отырғанын айтқан.

 «Жұмысшылардың сөзінше, ең аз жалақылары — 180 мың теңге. Олар рельс жөндейтін ауыр жұмысқа бұл еңбекақы сай емес деп санайды. Былтырдан бері басшылыққа бірнеше рет арыз жазған жұмысшылар енді ел президентінен көмек сұрайды» деп жазады mangystaumedia.kz. Сайттың жазуына қарағанда, жұмысшылар заңды талаптары орындалмаса жұмысты тоқтататынын мәлімдеген.

 «Қазақстан теміржолы» компаниясы 1 тамызда жариялаған мәлімдемесінде Бейнеу станциясындағы мәселені шешумен шұғылданып жатқанын айтқан. ҚТЖ баспасөз қызметі «келісім комиссиясы құрылып, жұмысшылардың кейбір заңды талаптарын қанағаттандыратын іс-шаралар қабылданғанын» хабарлаған. Алайда жалақыны екі есе көтеру туралы талаптарын қаражат жетпейтіндіктен орындалмайтынын ескерткен.

 Баспасөз қызметінің сөзінше, ҚТЖ табысы тарифтерге байланысты. Ал компанияның былтырғы табыстарының бәрі жалақыны көбейтуге жұмсалған. «Компания өз қызметкерлерімен ашық диалог жүргізіп, жағдайды құқық негізде шешу үшін барлық шараны қабылдайды», – дейді ҚТЖ баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар

Ел бойынша 620 мыңға жуық адам ұлттық спортпен шұғылданады

admin

ТҮРКІСТАН: Мақтааралдық жастар өңірдегі ең үлкен өндіріс орнына саяхат жасады

admin

ТҮРКІСТАН: Арыста конституция күніне орай салтанатты шара өтті

admin