The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

Түркістан облысында үкіметтік емес ұйымдардың жұмысын жандандыру жолдары қаралды

Облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев «Түркістан облысының Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар қауымдастық нысанындағы бірлестіктің президенті Инара Намазбаевамен кездесті.

Кездесуде үкіметтік емес ұйымның өңірімізде атқарылып жатқан жұмыстары талқыланып, алдағы жоспарлары мен маңызды жобалары сараланды. Сонымен қоса, Конститутция күніне орай XII Азаматтық форумын ұйымдастыру және алдағы уақытта  жұмыс қарқынын күшейту мәселелері көтерілді.

Облыс әкімінің орынбасары іс-шараларды креативті өткізуді қолға алып, жоғары деңгейде және тұрақты ұйымдастыру қажеттігін айтып, бұл саланы дамыту басты назарда екенін атап өтті.  Іс-шараларды есеп үшін емес, қоғамға пайдалы етіп, жастар үлгі алып, ой түйетіндей деңгейде өткізу маңызды екеніне тоқталды. Сонымен қатар осы салада креативті ұсыныстарға ашық екендігін жеткізді.

Ұқсас жаңалықтар

Бидайды терең өңдеу кәсіпорнын салу мәселесі талқыланды

admin

Шымкент: биыл «Қаратөбе» мәдениет үйі жаңадан салынады

admin

Жалдамалы пәтерде тұрып жатқандар үйлерін босатады – әкім жауап берді

admin