The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

ТҮРКІСТАН: Түлкібастағы туристік нысан ғимараты кеңейтіліп, әлеуеті көтерілді

Түркістан облысы, Түлкібас ауданының басты даму жоспарына енген «Түлкібас саясы» шипажайының екінші корпусы толығымен іске қосылды. Нысанға аудан әкімі Аскар Естібаев жауапты мамандармен барып, бүгінгі жағдайын бақылады. 2021 жылы ашылған емдеу-сауықтыру кешенінде бұған дейін 86 адамға төсек-орын қарастырылған болса, биылдан бастап төсек-орын саны 180-ге жетіп отыр.

Жалпы екі кезеңмен дамуы іске асқан жобаның құны 420 млн теңгені құрайды. Оның ішінде 170 млн теңгесі мемлекеттік қолдау арқылы жеңілдетілген несие арқылы, қалғаны өз қаржысы есебінен іске асқан. Қазіргі таңда мұнда 50 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: Жетісай ауданында 10 мың халық табиғи газбен қамтылды

admin

Қытай министрі Пекин Нұр-Сұлтанмен ынтымақтастықты «арттырады» деді. Қазақстан СІМ өте жұтаң ақпарат таратты

admin

Қазақстанда алғаш рет Аналар күні тойлануда

admin