The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

ТҮРКІСТАН: жұмысшы топ шаруалармен кездесіп, мемлекеттік қолдау шараларын түсіндірді

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, өңірде мемлекеттік бағдарламалардың іске асуын қамтамасыз ету мақсатында арнайы жұмысшы топ құрылып, ауыл шаруашылығы саласындағы қолдаулар бойынша түсіндіру жұмыстарын бастады.

Бүгін жұмысшы топ Сарыағаш ауданының агроқұрылым өкілдерімен кездесу өткізді. Кедесуге аудан әкімінің орынбасары Н. Талипов, «Ырыс» МҚҰ басшысы М.Мыңбаев, «Оңтүстік» АИО басқарма төрағасы А.Шырақбаев және Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының маманы Н.Мамет қатысты.

Жиын барысында агроөнеркәсіп кешенін дамыту үшін берілетін жеңілдетілген несиелер мен ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік қолдауларға қатысты мол ақпарат ұсынылып, өзгерістер түсіндірілді. Су үнемдеу әдісі мен жаңа технологияны қолданудың артықшылықтары баяндалды.

Кездесу соңында шаруалар өздерін толғандырған сауалдарын жолдап, қажетті ақпарат алды.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі арқылы 200-ден астам жоба жүзеге асырылуда

admin

ТҮРКІСТАН: Жетісайда еркін күрестен жасөспірімдер арасында облыстық чемпионат өтіп жатыр

admin

Құлсары қаласында 2256 тұрғын, оның ішінде 446 бала эвакуацияланды

admin