The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

ТҮРКІСТАН: жұмысшы топ шаруалармен кездесіп, мемлекеттік қолдау шараларын түсіндірді

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, өңірде мемлекеттік бағдарламалардың іске асуын қамтамасыз ету мақсатында арнайы жұмысшы топ құрылып, ауыл шаруашылығы саласындағы қолдаулар бойынша түсіндіру жұмыстарын бастады.

Бүгін жұмысшы топ Сарыағаш ауданының агроқұрылым өкілдерімен кездесу өткізді. Кедесуге аудан әкімінің орынбасары Н. Талипов, «Ырыс» МҚҰ басшысы М.Мыңбаев, «Оңтүстік» АИО басқарма төрағасы А.Шырақбаев және Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының маманы Н.Мамет қатысты.

Жиын барысында агроөнеркәсіп кешенін дамыту үшін берілетін жеңілдетілген несиелер мен ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік қолдауларға қатысты мол ақпарат ұсынылып, өзгерістер түсіндірілді. Су үнемдеу әдісі мен жаңа технологияны қолданудың артықшылықтары баяндалды.

Кездесу соңында шаруалар өздерін толғандырған сауалдарын жолдап, қажетті ақпарат алды.

Ұқсас жаңалықтар

«ТҮРКІСТАН ДАУЫСЫ»: республикалық байқаудың жеребе тарту рәсімі өтті

admin

Шымкенттің өнеркәсіп аймақтар құру тәжірибесі барлық өңірде қолданылады

admin

Жамбыл облысында жыл соңына дейін 16 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда

admin