The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

Түркістанда кезекті рет азық-түлік жәрмеңкесі өтті

Бүгін «Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ның ұйымдастыруымен облыс орталығында азық-түлік тауарларын тұрақтандыру қорының жәрмеңкесі өтті. Халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған маңызды бастама шаһарда жиі өткізіліп келеді. 

Жәрмеңкеде тұрмысқа қажетті 19 түрлі азық-түлік тауарлары нарықтағы құнымен салыстырғанда 30-40 пайызға төмен бағада ұсынылды.

Атап айтқанда, тұрғындар ет, картоп, ұн, қант, май, күріш, макарон секілді күнделікті тұтынатын тауарларды арзан бағада сатып алып, жәрмеңкенің игілігін көрді.

Сондай-ақ, баға тұрақтылығын сақтау және тиімді сауда-саттық жүргізу бағытындағы жәрмеңкелерді жыл бойы өткізу жоспарланып отыр.

Ұқсас жаңалықтар

 Лос-Анжелес саябағындағы атыс: Екі адам өліп, бес адам жараланған

admin

Апат пен заңбұзушылық: Қазақстанда шағын авиация неге қауіпті болып барады?

admin

Қазақстанның сыртқы қарызы қанша? – Қаржы вице-министрінің жауабы

admin