Ордабасы ауданында төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша оқу-жаттығу өтті
Бүгін аудан әкімі Азат Оралбаевтың төрағалығымен төтенше жағдайлардың алдын алу және олармен күресу мақсатында арнайы оқу-жаттығу өткізілді. Іс-шара төтенше жағдайлар кезінде жедел әрекет ету, тиісті қызметтердің үйлесімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету және тұрғындардың қауіпсіздігін арттыру бағытында ұйымдастырылды.
Ордабасы ауданында қысқы-көктемгі кезеңдердегі су тасқынына дайындық мақсатында төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша оқу жаттығу өткізілді. Жаттығу барысында техникалардың, су сору құрылғылардың (мотопомпа) және жеке құрамның дайындығы, шартты су басу салдарын жою жұмыстары ұйымдастырылып, іс жүзінде көрсетілді.
Оқу-жаттығу барысында азаматтық қорғаныс қызметтері мен арнайы техника жұмылдырылып, әртүрлі төтенше жағдайлардың алдын алу пысықталды. Қатысушылар қауіпті жағдайларда адамдарды құтқару, зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету және эвакуация жұмыстарын үйлестіру бойынша тәжірибе жинақтады.
Аудан басшысы Азат Әбдіғалиұлы төтенше жағдайларға дайындықты күшейту және алдын алу шараларын жетілдіру қажеттігін атап өтіп, қатысушыларға алғыс білдірді. Мұндай оқу-жаттығулардың тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңыздылығы ерекше екені айтылды.