Шаруасы шартарапты шарпыған – Шардара ауданы!
2024 жыл Шардара ауданы үшін жемісті жыл болды деп айталамыз. Аудан әкімі Арман Карсыбаевтың ұйытқы болуымен көптеген жұмыстар атқарылды.
Тарқатып айтсақ, 11 айда 32 млрд инвестиция тартылды. Шардара қаласы толық және 2 елді мекен көгілдір отынмен қамтылып, 2 елді мекен ауыз су көзіне қосылды. Сондай-ақ, 124-қа жуық бес санаттағы отбасылар баспаналы болып, Жаңа жылды жаңа шаңырақта қарсы алды. 30 көшеге асфальт жабыны төселіп, Наурыз мөлтекауданы электр желісімен қамтылды.
Шардара ауданы чемпиондарды жері екендігі шартарапқа белгілі. Ауданымызда 1 жылдың ішінде 33 спортшымыз Әлем чемпионы атанып, спорттың 20 түрін қамтитын облыстық спарткаиада 1-орынды иемденді. Сондай-ақ, бұрғынғы Құрылыс бұйымдары комбинаты (КСМ) 4 га жері мемлекет меншігіне қайтарылды.
Шардара-Келес бағытындағы кіреберіс заманауи үлгіде жаңарып, Шардара-Жетісай бағытындағы кіреберіске абаттаныдру жұмыстары жүргізілді. Аудандық «Жастар ресурстық орталығына» жаңа ғимарат тапсырылды.
Ал тұрғындардың ауруханаға емін-еркін кіріп-шығуы үшін аудандық емханаға баратын жаңа жол және автотұрақ салынды. Ал, тазалық жұмыстары жүйелі түрде қолға алынды. Шардара-Жетісай бағытындағы кіреберіске абаттаныдру жұмыстары жүргізілді. Бұрынғы құрылыс бұйымдары комбинаты (КСМ) жері мемлекет меншігіне қайтарылды. Шардара қаласын сапалы ауыз сумен қамту мақсатында «Тама-Тастанбек» жобасы іске асырылуы үшін қаржы бөлінді.
Ал ауданда 2025 жылғы жұмыс жоспарлар да жетерлік. Атап айтқанда, зейнеткер жандарға арналған «Қасиет» орталығына ғимарат сатып алу, Шардара қаласындағы аялдамаларды жаңарту, бірнеше ойын алаңшаларын салу, көшелерді жарықтандыру, бірнеше ауылдық округтерде көшелерге тас төсеу, ойын алаңшаларын салу, Алатау батыр ауылындағы стадионды және 3 полигон жөндеуден өткізу және жаңадан индустириялды аймақ ашу күтілуде. Сонымен қатар, биыл кезекте тұрған 150 отбасын тұрғын үймен қамту көзделіпті.
Бұдан бөлек, биыл Шардара қаласының ауыз су мәселесін шешу үшін жасалған «Тама-Тастанбек» жобасының құрылысы іске аспақшы. Тазалық шарасы жүйеге қойылды.
Ауданда биыл жүгері,күріш зауыттарын ашу және жайлы мектептерді пайдалануға беру жоспарланған.
Бұдан басқа да Шардара ауданында азды-көпті атқарылатын шаруалар, жағымды жаңалықтар көп.Әрқашан ауданымыз дамып, өркендей берсін!